USD
USD
USD

Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды

Түркістан шаһары Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігі ресми мәлімет таратты.

Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған ұйымға мүше болу арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан сайын арттыра түспек. Сондай-ақ, күн сайын көркейіп келе жатқан шаhардың қала статусын арттырып, жергілікті тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлайды. Осы мақсатта 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған болатын. Ұйым – дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес. Өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қаламен байланысады. Бұл қалалардың барлығында жалпы 164 миллионнан астам адам тұрады.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт