USD
USD
USD

Түркістан әуежайынан орындалатын халықаралық рейстер саны артады

3 мамырдан бастап Turkish Airlines әуе компаниясы түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласынан Ыстанбұлға тұрақты жолаушылар рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Түркістан әуежайынан орындалатын халықаралық рейстер саны артады
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Түрік әуе компаниясы Түркістан мен Ыстанбұл қалалары арасында Б-737 әуе кемесімен аптасына 3 тұрақты рейс орындайды (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері). Бұдан басқа, 17 мамырдан бастап отандық лоукост тасымалдаушы Fly Arystan компаниясы Түркістан мен Ыстанбұл арасында жасалатын рейс санын аптасына 7-ге дейін (күн сайын) ұлғайтпақ. Осылайша, биыл мамыр айынан бастап екі қала арасында аптасына 10 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады. Сонымен қатар, Түркістаннан Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және басқа бағыттарға жаңа рейстер ашу жоспарда бар. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер