USD
USD
USD

Түркістан әкімдігі мен Өзбекстан министрлігі меморандумға қол қойды

Түркістан облысының әкімдігі мен «Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі» екіжақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды

Түркістан әкімдігі мен Өзбекстан министрлігі меморандумға қол қойды
Фото: NEGE.kz

әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ортақ Меморандум Қазақстан мен Өзбекстан арасында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды механизміне айналмақ. Осылайша, екі тарап тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға, екіжақты инвестициялар мен технологияларды беру көлемін ұлғайтуға негіз болмақ. «Түркістанды біз тек Қазақстанның емес, түркі әлемінің мәдени орталығы ету үшін 3 бағытта дамытудамыз. Рухани-мәдени орталық - біздің тарихымыз бен салт-дәстүрімізден сыр шертетін аумақ болады. Мұнда туристік орындар, этноауыл, ботаникалық бақ, кітапхана, театрлар салынса, әкімшілік-іскерлік орталықта біз отырған облыс әкімдігі алғашқы нысан ретінде пайдалануға берілді. Одан бөлек басқармалар, конгресс-холлдар салынады. Жалпы, әрбір инвестициялық жобаны қолдауға дайынбыз. Осыған сіздерді де үлес қосуға шақырамын», - деді Өмірзақ Естайұлы кездесу барысында. Осы мақсатта компания Түркістан облысының құрылыс алаңына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға ниетті. Әкімдік өз құзіреті шегінде бастамаларын қолдау және оны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Туркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев пен Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі» атынан Министрдің бірінші орынбасары Ш. Хидаятов қол қойған меморандум өңірді дамытуға үлес қосады деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Сынып

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

су

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Танакөз Толқынқызы

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Александр Машкевич