«Turkiss» тобы тарады

.
Жанар Батырша енді продюсерсіз сахнаға шықпақ. Өнер әлемінде жеке әнші ретінде танылуды мақсат тұтқан. Синти-поп пен аренби бағынтында жазылған 2 әнін ұсынған өнер иесін алдағы уақытта басқа имиджде көрсеңіз таңғалмаңыз.
Жанар Батырша, әнші: Топтың мүшесі Далида Наукенова тұрмысқа шыққан соң біздің жұмыс тоқтатылды деп айтсам болады. Сол үшін мен өзім жеке шығармашылығымды қолға алдым. Өзімді кью-поп стильінде көремін. Өйткені ол бағыт жаныма жақын. Басқа қырымнан сынап көргім келеді. Продюсерім жоқ. Сондықтан оңай болмайды. Дегенімен жақсы амал ниетте ғой. Барлығы қолымнан келеді деп ойлаймын.
Қазіргі таңда кью-поп бағытына қызығушылық танытқан жас тыңдармандардың қатары күн сайын өсіп келеді. Сондықтан кейбір өнерпаздар дәл осы бағытты насихаттап жүр. Енді, Жанар Батыршада өзін жаңа қырынан көрсетпек.
Жанар Батырша, әнші: Ән айта алмағандықтан кью-попты таңдайды деген пікірлер жиі айтылады. Ол түсінік дұрыс емес. Менің ойымша, ол тек жастарға арналған стиль. Көпшілігі түсінбейді. Бірақ, болашақта өнерде нақты өзінің орны болады деп ойлаймын. Кью-поп ол жай ғана әннің бағыты. Сол үшін мен өзгерістен қорықпаймын.
Шоу-бизнес әлемінде танылмай жатып, тарап кеткен топтар жетерлік. Музыкалық ұжымнан өз алдына еншісін алып, бөлек шығып кеткендері қаншама?! Сонымен «Turkiss» тобының болашағы не болмақ?
Жанар Батырша, әнші: Топтың жұмысы тоқтатылды, бітті деп мен өз басым айта алмаймын. Топ мүшелері тарап кеткенімен, ертең продюсер жаңа құрамға байқау жариялап, қайта жандандыруы мүмкін. Қазір бұл топтың жұмысы тоқтап тұр.
Ендеше, өнер иесіне шығармашылық табыс тілейміз.