USD
USD
USD

Түркіменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ескі министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. 

Түркіменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа түркімен басшысы бұл туралы президентті ұлықтау рәсімі мен құрметті қарауыл жауынгерлері мен әскери бөлімдердің шеруі аяқталғаннан кейін мәлімдеді.

«Нейтральный Туркменистан» газетінің хабарлауынша,  Президент Сердар Бердімұхамедов шеруден кейін жоғары мемлекеттік лауазымдағы міндеттерін орындау үшін «Оғызхан» сарай кешеніне кеткен.

«Түркіменстан Конституциясына сәйкес Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерінің өкілеттіктерін толық құрамда тоқтату туралы Қаулыға қол қойды, оларға министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастыруды бұйырды», – деп атап өтті басылым.

Түркіменстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 12 наурызда өтті. Президенттікке 9 саяси тұлға үміткер болды. Сайлауда вице-премьер Сердар Бердімұхамедов жеңді, ол сайлаушылардың 72,97 пайызын жинады. Түркіменстандағы Президент жеті жылға сайланады және ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан