USD
USD
USD

Түркіменстанда коронавирусты адыраспанмен емдей ме?

Түркіменстанда Қытайдан келген жүздеген түркімен азаматы Лебап уәлаятындағы Түркіменабат шетінде құрылған шатырларда жатқан көрінеді. Бұл туралы «Хроники Туркменистана» басылымының  тілшілері хабарлады.  

Түркіменстанда коронавирусты адыраспанмен емдей ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. Тәуелсіз басылым журналистерінің жазуынша, Түркіменстандағы медицина сапасы құлдырап барады. Жүздеген адамды коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күмәнмен Түркіменабатқа жібергендегі себебі ол жақтағы денсаулық сақтау саласының мықтылығынан немесе мамандар бар болғаннан емес, проблеманы шеткері аймақта тығып ұстағысы келгенмен байланысты болуы мүмкін деп топшылайды журналистер.  

Карантинге жатқызылғандарды қабылдаған Лебап уәлаятында соңғы жылдары жоғары білікті дәрігер қалмай бара жатқан көрінеді. Жергілікті дәрігерлер мен медбикелер ақша табу үшін Түркияға кетеді екен. Дипломды мамандарға елінде дәрігер болып істегеннен көрі, түрік елінде науқастың күтушісі болып отырған әлдеқайда тиімді саналады.

«Хроники Туркменистана» тілшілері Лебапта туберкулезді иттің майымен емдейтінін жазады. Ал барлық ауру, індетке қарсы әмбебап құрал ретінде кәдімгі адыраспан пайдаланылады екен.

Басылым тілшілерімен сөйлескен өңір дәрігерлері медициналық қызмет сапасының күрт төмендеп кетуінің салдарынан бұл аймақта 35-50 жасында қайтыс болғандар саны күрт өскенін айтқан. Сондықтан дені студент жастардан тұратын Қытайдан келгендер арасынан коронавирус шықса жергілікті мамандардың олардың жанына араша боп қаларына халық сенбей отыр дейді түркімен журналистері.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика