USD
USD
USD

Түркіменстан былтыр Ресейге қанша текше метр газ сатты?

 Ресей былтыр 300 миллион долларға түркімен газын сатып алды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі Ресейдің Ашғабадтағы елшісі Александр Блохинге сілтеме жасап хабарлады.

Түркіменстан былтыр Ресейге қанша текше метр газ сатты?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2019 жылы маусым айында Түркіменстан Ресейге газ импорттау туралы бес жылдық келісімге отырды. Ресей жыл сайын 5,5 миллиард текше метр түркімен газын сатып алады. Бірақ осы уақытқа дейін газ бағасы туралы айтылмай келді. Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Ресеймен келісімшарт жасалғаны туралы ешқандай мәлімет таратпады.

2019 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында Ресей 1,1 миллиард текше метр түркімен газын сатып алған. Ресей дипломаты өткен жылы нақты қанша түркімен газы Ресейге импортталғанын айтпады. Түркіменстан газды негізінен Қытайға сатып отыр. Бірақ биыл наурызда Қытай коронавирус пандемиясына байланысты түркімен газын сатып алуды азайтқан.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк