USD
USD
USD

TurkicSkills-2025: Маңғыстаулық педагог қазақтың ірімшігінен балмұздақ жасап ұсынды

TurkicSkills-2025 чемпионаты аясында өткен халықаралық «Caspian» фестивалінің көрмесінде Маңғыстау туризм колледжінің өндірістік оқу шебері Нұрай Еламан өз авторлық тағамын таныстырды.

Нұрай Еламан
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оның ірімшік негізінде дайындалған ерекше балмұздағы бүгінде сұранысқа ие өнімге айналған. Ұлттық дәстүр мен заманауи технологияны ұштастырған бұл десерт көрме қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды.

— TurkicSkills-2025 техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қатысушылары үшін зор мүмкіндіктер алаңына айналды. Мұнда қатысушылар өздерінің үздік жобалары мен жетістіктерін таныстырып қана қоймай, тәжірибе және білім алмасуға да бірегей мүмкіндік алды, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.

Көрме аясында Маңғыстау өңірінің гастрономиялық ерекшеліктері, шұбаттан жасалған коктейльдер, жантақпен қайнатылған шай, талқаннан жасалған макарон өнімдері, құрт пен шоколадтың үйлесімі, жент қосылған тәттілер, түйе сүтінен дайындалған балмұздақ, сары қант секілді ұлттық тағамдардың заманауи интерпретациялары кеңінен ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде туризм саласындағы студенттердің стартап жобалары да таныстырылды.

Айта кетейік, кәсіби шеберлікке арналған халықаралық TurkicSkills-2025 чемпионаты Ақтау қаласында өтіп жатыр. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған. Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 70-ке жуық студент пен жас маман, сондай-ақ Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Венгрия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген 90-ға жуық жоғары білікті сарапшы қатысуда.

Шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады. Жобаны жүзеге асырушылар – ҚР ОМ жанындағы «Talap» КЕАҚ және Маңғыстау облысы әкімдігі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді

Ербаян Мұхтар

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

жер сілкінісі