USD
USD
USD

Түркі орталық банктерінің кеңесін құру қажет – Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі орталық банктерінің кеңесін құруды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.

президент
Фото: Әзірбайжан президентінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Тоқаевтың айтуынша, түркі мемлекеттерінің экономикасын дамыту үшін қаржы саласындағы байланысты нығайта түсу керек.

"Осы ретте Түркі орталық банктерінің кеңесін құру қажет. Мен, сондай-ақ, Жалпытүркі патент ұйымын құруды ұсынамын. Биыл Түркі инвестициялық қоры Басқарушылар кеңесінің ұлықтау рәсімі өтті. Оның қызметі экономика және қаржы-инвестиция саласын дамытуға оң әсер етеді деп сенемін", – деді Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде.

Айта кетейік, саммит Әзербайжанның Шуша қаласында өтіп жатыр. 2020 жылы Әзербайжан Армениямен болған әскери қақтығыс кезінде осы жерді қайтарып алды. Ал келесі жылы Ильхам Әлиев Шушада осы елдің туын көтерді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті