6 Шілде 17:22

Туризм тығырыққа тірелді | #18 ШОЛУ

Фото:

Биыл «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» атты екі жаңа телеарна ашылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті. Бұл телеарналар мәдени байлығымыз бен ұлттық мұраны насихаттауға арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық жоба болмақ.

Коронавирустың салдарынан әлемдік туризм 1,2 трлн доллар шығынға ұшырады. Мұндай ақпаратпен Дүниежүзілік туризм ұйымның бас хатшысы бөлісті. Оның айтуынша, жыл соңына дейін халықаралық туристер саны 2019 жылмен салыстырғанда 70% төмендейді. Экономикадағы туризмнің үлесі 10-15% құрайтын елдер ауқымды зардап шегеді. Мұндай елдер Еуропада көп дейді.

Сарыағаш медресе колледжінің директоры, дін ғалымы, Қазақстанға белгілі ұстаз Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы өмірден озды. Бұл ақпаратты уағызшының шәкірттері мен таныстары хабарлады.

Біле білгенге, он екі айдың сұлтаны – шілде-тұғын. Шілде туғанда, шабыты қозбайтын ақын аз еді. Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ақындар  маусымның соңын ала маужыраған әлемді отты жырларымен оятып жіберетін. Дүниені дүрмекке бөлейтін. Ал шілде – шабыттың қайнайтын, бұлбұлдың сайрайтын кезеңі. Былайша айтқанда, ақындар ауыздығын қарша-қарш шайнаған тұлпарлар құсап, Арқаны бетке алған күйі құйындатып бара жатушы еді.

Елбасының қандай брендті ұнататыны белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаевтың короновирустан айықты деп сүйіншілеген Айдос Үкібай желіге Тұңғыш президенттің серуендеп жүрген фотосын жариялағанды. 

Суреттің қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Қалың орманнан шығып, шағындау көпір үстінен өтіп бара жатқан Елбасы сергек көрінеді. Үстінде жеңіл күртеше, аяғында спорттық аяқ киім, қара көзілдірік таққан. 

Мұндайды қалт жібермейтін журналистер, Елбасы қандай брендтен киінеді деп іздей жөнелді. Н.Назарбаев серуен кезінде АҚШ-тың белгілі бренді Garmin қолсағатын тағады екен. Cпорттық аяқ киім Loro Piana италиялық брентін құп көреді. Аталған бренд тарихы мен бағасы сайтымызда.

Тегтер: