22 Желтоқсан 16:41
...

Туризм саласындағы анимация: 1 курс студенттері жаңа пәнді меңгереді

Фото:

Іле-Алатау ұлттық паркіне келушілер алдағы уақытта ертегілер әлеміне еніп, қызықты квестер мен сахналық ойындардың қатысушылары бола алады. Аниматорлардың қатысуымен болатын шоу-бағдарламалар кез келген іс шараның көркін қыздыратыны анық. Ал «Туранга» Қазақ спорт және туризм академиясымен бірге Аю-сайда естен кетпес мерекелік көңіл-күй сыйлауға дайын.

Қазақ спорт және туризм академиясы туризм факультетінің деканы Татьяна Имангулова оқу бағдарламасына «Туризмдегі анимация» атты жаңа пәнді енгізді. Тұжырымдама жандандыруды, шабыттандыруды, қатысушыларды белсенді болуға үндейді. Бұл демалушыларға – қонақтарға, туристерге, экскурсиялық қызметтерді тұтынушыларға ерекше демалыс ұйымдастыруға арналған қызметтер.

Т. В. Имангулова Мамлют мектеп-гимназиясында география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Ол өзі туып-өскен өңірді және өзге де аймақтарды аралап, экскурсия мен түрлі саяхаттар ұйымдастырды. Бірде біз Шығыс Қазақстанға келіп, Ивановский жотасының жанында лагерь құрдық. Түнде жанымызға аю келді. Аю ақырып, шөптің үстінде жатқан ыдыстарды қопара бастады. Балалар жасырынып қалды, ал ұстаздар барлығы бірдей айғайламақ болып күтіп жатты. Банкіде сүттің беті ашық қалған көрінеді. Мәселе әп-сәтте шешілді. Аю тәттіге дән риза болды.

Имангулова Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын аймақтың атласын жасап шығарды. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тарихи-өлкетану атласын жасау үшін балалар мен жасөспірімдер жобалары байқауына қатысып, жеңімпаз ретінде грант ұтып алды. Атлас сол қаражаттың есебінен шығарылды.

«Мен Мәскеуде Халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясы өткізген «Алтын компас» байқауына қатыстым. Маған атлас жасау тәжірибесімен бөлісуімді өтінген әріптестерімнен хаттар келе бастады. Менің кандидаттық диссертациямның тақырыбы «География» пәнінің мысалында аймақтық-өлкетану арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» болды. 2012 жылдан бастап Қазақ спорт және туризм академиясында жұмыс істеймін», – дейді Имангулова.

«Жетісудың алтын айналмасы»

«Жетісудың алтын айналмасы» бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама негізінде 21 нысан бойынша бір апталық тур ұйымдастырылады. Біз турды Алтын-Емел ұлттық саябағынан бастаймыз, сосын Шаған тоғайына, Шарынға, Көлсай көлдеріне қарай жол тартамыз, Қайыңды көліне тоқтаймыз, содан кейін Түргенге, сарқырамалар мен Шың-Түрген мүк шыршалары ормандарына барамыз. Есік мұражай-қорығымен келіссөздер жүргізіп, экскурсияны студенттердің сақ қорғандарын қазуға қатыса алатын уақытына жоспарлаймыз. Осылайша олар табиғаттың көрікті жерлерімен және мәдени нысандармен жақын танысып, тарихи-археологиялық туризмге белсенді қатыса алады. Саяхаттан кейін студенттер аранайы есеп өткізіп, өздерінің бағдарламаларын жасайды», – дейді.

2019 жылы Қазақстан Туристік қауымдастығы туризм бойынша жаңа кәсіптік стандарттарды енгізді, оның шеңберінде Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары жаңа білім беру бағдарламаларын құруы керек.

– Біз Халықаралық тәжірибені зерттегенде, туризм саласында анимациялық бағдарламалар көп екенін байқадық. Бірінші курс студенттеріне «Туризмдегі Анимация» пәнін енгіздік. Гид Анастасия Вячеславовна Губаренко осы бағытта біліктілігін арттырды және осы пәнді жүргізетін болды. Бұл зерттеу оның докторлық диссертациясының тақырыбы боғандықтан, ол өзінің әдістемесін жасады. Өткен жылы А.В. Губаренко анимациялық бағдарламалар бойынша ЖОО-ның үздік оқытушысы ретінде бірінші орын алды.

Балалардың патриоттық сезімін ояту үшін оларды туған елдің табиғатымен, өзен-көлдерімен, тау-тасымен таныстыру керек. Мұның барлығын Алматының тұмса табиғатынан табуға болады.

– Карантин ішкі туризмге көп көңіл бөлмейтінімізді аңғартты. Адамдардың барлығы айналасына назар аудара бастады. Ал біздің табиғатымыз көрікті жерлерге өте бай. Соны жандандыру үшін туризм саласына мамандар қажет.

Т.В. Имангулова «Туризм» мамандығының барлық типтік оқу бағдарламаларын жасауға қатысады, жастар туризмін дамытуды үйлестіреді. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры атағын және Ахмет Байтұрсыновтың алтын медалін де алған. Ол 180-нен астам ғылыми еңбектің авторы. Оның жетекшілігімен Спорт туризм академиясында  скалодром, екі жатақхана, сондай-ақ академияның жеке мейрамханасы ашылды. Академия қабырғасында жүріп-ақ студенттер тәжірибеден өте алады. Қазіргі таңда шәкірттері экскурсия жетекшісі және туризм нұсқаушысы болып жұмыс істейді. Санымен қатар, кафедрада докторантура да бар.

P.S. Туризм саласындағы Анимация демалушылардың қарым-қатынас, қозғалыс, мәдениет, шығармашылық, уақытты көңілді өткізу қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл туристік және қонақ үй кешендерінің қызметіне, мерекелер мен экскурсияларға да қатысты. Туристік анимация – сауықтыру, емдеу және танымдық функцияларды дамытуға бағытталған. Оның берері мол. Өйткені ол адамдардың өмірге құлшынысын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға насихатайды. 

Келушілерге – қуаныш, «Туранга» – бедел, ал студенттерге – мол тәжірибе сыйлайды. Бір сөзбен айтқанда, бәрінің есебі түгел. 

Тегтер: