USD
USD
USD

Туризм және спорт министрлігі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шайдоровтың сынына жауап берді

Министрлік отандық жетекші спортшының бірі — Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуға тиісті жағдайдың болмауына қатысты жағдайдан хабардар.

Михаил Шайдоров
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл жағдай Мемлекет басшысының спорт саласындағы вертикальді басқаруды қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасының орынды әрі дер кезінде берілгенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Аталған реформаның негізгі бағыттарының бірі — жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандарын жергілікті атқарушы органдардан Министрлік қарамағына беру.

Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшыларды анықтады. Олардың әрқайсысына, соның ішінде Михаил Шайдоровқа да, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді:

Спортты дамыту дирекциясы (СДД) — жеке дайындық жоспарының орындалуын бақылап, барлық қатысушы тараптардың өзара әрекетін үйлестіреді;

Спорт федерациялары — білікті жаттықтырушылар құрамы, халықаралық жиындарға қатысу және қажетті жарыс тәжірибесімен қамтамасыз етеді;

Өңірлік әкімдіктер — спортшылардың тұру, тамақтану және жаттығу үдерістеріне базалық жағдай жасауға тиіс;

Спорттық медицина және оңалту орталығы (СМОО) — медико-биологиялық қолдауды, оңалтуды және спортшылардың жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;

Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу — дайындық бағдарламаларының тиімділігін бағалап, тиісті ұсыныстар береді.

Бұған қоса, спортшыларды дайындау жүйесіне кіретін басқа да мекемелер жұмысқа тартылған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Министрлік Олимпиадаға дайындық жоспарына енгізілген әрбір спортшыны, оның тұрғылықты жеріне немесе тіркелген мекенжайына қарамастан, қажетті қолдаумен қамтамасыз ете береді.

Министрлік отандық жетекші спортшының бірі — Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуға тиісті жағдайдың болмауына қатысты жағдайдан хабардар. Бұл жағдай Мемлекет басшысының спорт саласындағы вертикальді басқаруды қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасының орынды әрі дер кезінде берілгенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Аталған реформаның негізгі бағыттарының бірі — жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандарын жергілікті атқарушы органдардан Министрлік қарамағына беру.

Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшыларды анықтады. Олардың әрқайсысына, соның ішінде Михаил Шайдоровқа да, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді:

Спортты дамыту дирекциясы (СДД) — жеке дайындық жоспарының орындалуын бақылап, барлық қатысушы тараптардың өзара әрекетін үйлестіреді;

Спорт федерациялары — білікті жаттықтырушылар құрамы, халықаралық жиындарға қатысу және қажетті жарыс тәжірибесімен қамтамасыз етеді;

Өңірлік әкімдіктер — спортшылардың тұру, тамақтану және жаттығу үдерістеріне базалық жағдай жасауға тиіс;

Спорттық медицина және оңалту орталығы (СМОО) — медико-биологиялық қолдауды, оңалтуды және спортшылардың жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;

Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу — дайындық бағдарламаларының тиімділігін бағалап, тиісті ұсыныстар береді.

Бұған қоса, спортшыларды дайындау жүйесіне кіретін басқа да мекемелер жұмысқа тартылған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Министрлік Олимпиадаға дайындық жоспарына енгізілген әрбір спортшыны, оның тұрғылықты жеріне немесе тіркелген мекенжайына қарамастан, қажетті қолдаумен қамтамасыз ете береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері