USD
USD
USD

Туризм және спорт министрі Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті

Ербол Мырзабосынов даңқты боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың аяулы анасы Сырлыкүл Саттарханованы мен әлемге мәшһүр мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің ардақты анасы Оксана Тенді қабылдады

Денис Тен анасы
Фото: turizm jane sport ministrligi

Астана, NEGE.  Министр халықаралық аренада еліміздің көк Туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды байрақты бәсекелерде шырқатқан саңлақтар бүгінде арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау және есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында қос ананың аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.

«Халқымыз «Алып анадан туады» деп бекер айтпаған. Шынында да, адам бойындағы асыл қасиет пен таудай талап ананың ақ сүтімен дариды. Ана баласына берген тәрбиесі мен шексіз махаббаты оның болашағына жарқын жол ашады. Сіздер ұлдарыңызды спорт үйірмесіне қаршадайынан жетелеп апарып, чемпион атануы үшін барлық жағдайды жасадыңыздар. Саңлақтарымыз арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау, есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүргендеріңізге куәміз. Батырларымыздың аты өшпей, әлі күнге дейін жас жеткіншектердің кумирі болып келе жатқаны ең алдымен, сіздердің арқаларыңыз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Бекзаттың анасы
Фото: sport jane turizm ministrligi

Министр кездесу барысында Бекзат пен Денистің ел спортына сіңірген еңбегі мен жанкүйер жүрегінде сақталған жарқын бейнесін жаңғырту баршамызға ортақ міндет екенін айтты. Алдағы уақытта бұл чемпиондарды жастар арасында насихаттау мақсатында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Бекзат Саттарханов – 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әлем және Азия біріншілігінің күміс жүлдегері

Денис Тен – 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің күміс және қола медаль иегері, әлем чемпионатының жеңімпазы, Азия ойындары мен Универсиада чемпионы.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park