USD
USD
USD

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

АҚШ-тан арнайы шақыртумен келген Коннор есімді тревел-блогер Қазақстанның Туризм және спорт министрлігіне желіде базынасын жеткізді.

Коннор
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/camperghini

Астана, NEGE. Айтуынша, министрлік өкілдері туристі қарсы алуды ұмытып кеткен.

«Мынаны елестетіп көріңізші: сізді елге ресми түрде шақырады. Барлық жоспарды бірнеше ай бойы талқылап, егжей-тегжейлі үйлестірдіңіз, алайда келген күні Туризм министрлігі сізді ұмытып кетеді.

Қазақстанға кірген кезде бізді осылай қарсы алды», – дейді блогер.

Мұның алдында блогер Қырғызстанда болған. Қырғыз халқы оны шекарадан ұлттық киіммен салт-дәстүрге сай күтіп алған. Қазақстан тарабы да оны қырғыз еліндегідей ресми түрде күтіп алуға тиіс болған. Алайда, блогердің сөзінше, сән-салтанатпен күтіп алу былай тұрсын, шекарадағылар олардың ресми шақыртылғанын біле тұра, сұрақтың астына алып, қайран қалдырған.

«Өкінішті жағдай, өйткені әлем Қазақстанды әлі де Боратпен байланыстырады, ал мен оны керемет табиғаты, мықты бизнес әлеуеті және мәдени тарихы бай ел ретінде көремін.

Әлемді көп аралаған жан ретінде мен ештеңеге де аса үлкен үміт артпау керек екенін түсіндім. Неше түрлі әңгіме айтылады, сондықтан ненің шындық, ал ненің бос сөз екенін тез аңғарып үйренесің. Өкінішке қарай, бізді күтіп алу деңгейі төмен болды. Бұл көңілге қаяу түсіреді», – дейді турист.

Алайда блогер Туризм министрлігінің ұятты әрекетіне нали қоймай, Қазақстан шекарасында тұрып билеп, қарсы алу рәсімін өздері ұйымдастыруды жөн көріпті.

«Өйткені күн аяғында сені қаншалықты алдағаны, кідірткенi немесе қиын жағдайда қалдырғаны маңызды емес – сен бәрібір өмірден ләззат алуды таңдай аласың», – деп түйіндейді сөзін АҚШ-тан келген қонақ.

Бұл ретте министрлік өкілдері америкалық блогерді ведомствоның арнайы шақыртуымен келгені туралы ақпаратты теріске шығарды. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен блогер арасында жеке хат алмасу болғанымен, компания мәліметінше, екіжақты келіссөздер нақты келісімге жетпей аяқталған.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Дина Исламбекова, Надежда Рябец

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

қызғалдақ

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

Маңғыстау