Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Туристер Цезарьдың өлтірілген орнын 2022 жылы көре алады

Цезарьдың өлтірілген орны Римдегі көрнекті орынға айналады. Туристік орын көпшілікке 2022 жылы таныстырылады, – деп хабарлайды Frommers.com басылымы.

Туристер Цезарьдың өлтірілген орнын 2022 жылы көре алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Біздің дәуірімізге дейінгі IV және II ғасырлардағы төрт пұтқа табынушы ғибадатханалардың қирандылары мен б. з. д. 44 жылы 15 наурызда Юлий Цезарь пышақталған Помпен куриясы орналасқан Сакра алаңы қазір бос жер болып тұр.

Бұл қирандылар 1920 жылы Бенито Муссолинидің бұйрығымен ортағасырлық барлық ғимарат қиратылғаннан кейін табылды. Оларға жақындауға тыйым салынды, тек көшеден көруге болады.

Көп ұзамай бұл жерді мысықтар паналады. Қазір коммерциялық емес баспаналардың қызметкерлері оларға қамқорлық жасайды. Ал туристер мысықтарды суретке түсіреді.

France24 мәліметінше, Рим мэрі Вирджиния Рагги Сакра алаңы ашық аспан астындағы мұражайға айналатынын айтқан. Жөндеу жұмыстары биыл мамырдың ортасында басталады және бір жылға созылады деп күтілуде. Нәтижесінде Помпейдің орны тазаланады, оған кіріп-шығатын заманауи кіреберіс болады. Ол диодты жарықтандыру аспаптарымен жарықтандырылып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс