Жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, автобус жолаушылары мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында 2018 жылғы бір бала бар, оның жағдайы жақсы.
Автобуста 42 адам болған, соның ішінде 40-ы – экскурсияға келген Ресей азаматтары. Дәрігердің көмегі бәріне қажет болды. Қазір зардап шегушілер Витеб облыстық клиникалық ауруханасында жатыр. Бесеуінің омыртқасы сынып, ауыр халде. 18 пациенттің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалады. Қалғаны жеңіл жарақат алған. Кейбіріне психологтың көмек берген.