USD
USD
USD

Туристер мінген автобус қар құрсауында қалды

Түркістан облысында туристер мінген автобус қар құрсауында қалды.

Туристер мінген автобус қар құрсауында қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында қар құрсауында қалған туристерге көмек көрсетілді. 29 адамнан тұратын туристер тобы Ақмешіт шатқалында «Yutong» автобусымен тұрып қалған болатын.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін 112 басқару пультіне күндізгі сағат 15:00 шамасында туристерге көмек керектігі туралы хабарлама түскен. Оқиға орына ТЖД мен «SPiASR» мекемесінің 4 қызметкері арнайы техникамен, «LEB» 4 қызметкері 1 техникамен шыққан.

«Туристер тұрып қалған жерге грейдер көлігі жіберіліп, күндізгі сағат 16:25-те автобус қар үйіндісінен шығарылды. Олар өз бағыттарымен ары қарай жүріп кетті. Оқиға орнында зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Цой есімді азамат Facebookтегі парақшасында Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт тау шатқалы маңында 29 туристің автобуспен қар құрсауында қалғанын жазған болатын. Өзі де сол автобуспен саяхаттап жүргенін айтқан ол жергілікті төтенше жағдай қызметін үш сағат бойы күтіп тұрғанын жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

жанабыловтар

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

лагерь