USD
USD
USD

Туристер дерт жұқтырса, Өзбекстан 3 мың доллар төлейді

Өзбекстанда жүріп COVID-19 жұқтырған шетелдік туристерге 3 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төленеді. Осындай жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойған.

Туристер дерт жұқтырса, Өзбекстан 3 мың доллар төлейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тиісті құжатта «Uzbekistan. Safe travel guaranteed» (Өзбекстан. Қауіпсіз сапарға кепілдік)  деп аталатын Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары көрсетілген. Осы мақсатпен  Қауіпсіз туризм қоры құрылуда. Оны қаржыландыруға Дағдарысқа қарсы қордан 20 миллиард сум (шамамен 2 миллион доллар) аударылған.

Өзбекстан осылайша шетелдік қонақтарды шақырып қана қоймай, олардың індет жұқтырып алмайтынына кепілдік беріп отыр.

«Туроператорлар, қонақүйлер және туристік индустриямен байланысты барлық тұлғалар бірқатар қажетті талаптар орындалған жағдайда ғана арнайы сертификат алады. Осыдан кейін олардың шетелдік туристерді қабылдауға мүмкіндігі бар», - деген Ұлттық денсаулық сақтау палатасының төрағасы Равшан Изамов.

22 маусымда Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6315-ке жетті. Елде COVID-19-дан 19 адам қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу