USD
USD
USD

Түрік лирасы тағы құлдырады

  Түркия лирасының долларға шаққандағы құны төмендегенін бұған дейін де айтқан едік.

Түрік лирасы тағы құлдырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жолы алыстағы түріктің ұлттық валютасы кейінгі бірер күнде 12% құнын жоғалтты. Ал осы аптаның басынан бері долларға шаққанда 8-ден 8,33 процентке дейін төмендеді. Бұл – 5 айдың ең жоғарғы көрсеткіші. Кезекті бағамға Президент Ердоғанның Орталық банк басшысын орнынан алып тастауы мен ішкі және сыртқы жағдайлар себеп. Мемлекет басшысы ел азаматтарын ұлттық валютаны қолдауға, доллардағы жинақ ақшаларын түрік лирасына ауыстыруға және алтынға инвестиция жасауға шақырды. Дегенмен бұл әрекеттен ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Доллар бағамы сағат санап өсіп барады. Рейтердің мәлімдеуінше, соңғы 3 аптада түріктер 15 миллиард лираны шетел валютасына айырбастап, бағалы металл сатып алған.

Бұдан бөлек, зергерлік бұйым сатушылары қауымдастығының мәлімдеуінше, тұрғындар 220 миллиард доллар мен 5 мың тоннаға жуық алтынды үйде сақтап отыр. Нарық Орталық банктің лираға қатысты негізгі ставканы көтеруін күтіп отырған сыңайлы. Қазір түрік банктері жылдық 8,25% ұсынуда. Ал елдегі инфляция деңгейін есептегенде салымшылар 11% ұтылып келеді. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси