Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түрік лирасы әлі де құлдырап жатыр

Түрік лирасы әлі де құлдырап жатыр, ол жұмада тағы 2,5 пайызға арзандады.

Түрік лирасы әлі де құлдырап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сауда деректері орталық банк межені төмендеткеннен кейін 1 долларға 16 лирадан келетінін көрсетті

Бейсенбіде Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 15 пайыздан 14 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Түрік валютасы бір доллар үшін 16,12 лира болды, бұрын бір доллар үшін 15,66 лираға жеткен еді.

Қаңтарда бір доллар үшін 7,4 лира бағамына сатылған түрік валютасы бір жыл ішінде құнының жартысынан көбін жоғалтты. Кейінгі 20 жылда бір тәулік ішіндегі ең көп құлдырау дерегі 23 қарашада тіркелді, содан кейін лира 16 пайызға төмендеді.

Бұл жайт 18 қарашада Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 16-дан 15 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған соң болды, содан кейін ел президенті Тайып Ердоған осы жағдай инфляцияның төмендеуіне әкелетінін мәлімдеп, меже төмендеуі дұрыс деп санаған еді.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф