14 Қазан 13:30

Тұрғыза білді! Kaspi.kz Қазақстанның ең қымбат компаниясы атанды

Фото:

Kaspi.kz Лондон қор биржасындағы IPOда GDRді көбірек сатты да, болжанған капитализация межесінен шықты. Енді компания 6,5 миллиард доллар тұрады.

IPOның өткенін Bloombergтің электронды сауда терминалы растайды.  Бір GDR (жаһандық депозитарлы расписка) 33,75 АҚШ долларына сатылды. Бұл компанияның өзі жоспарлаған жоғары бағаға қол жеткізе алғанын көрсетеді. IPO көлемі 1 миллиард долларды құрады.

«Kaspi.kz капитализациясы межеленген көлемнен артқан жоқ дейді», - Nege.kz шолушысына жағдайды түсіндірген EXANTE халықаралық брокерлік компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев.

«Kaspi.kz GDRді көбірек сата білді. Қазіргі таңда ол Қазақстандағы ең қымбат компания атанып отыр»

Bloomberg хабарлауынша, Kaspi.kz сұраныс болғандықтан өз ұсынысын 29,6 миллион GDRге дейін ұлғайтқан. «Бұл нарық үшін өте жағымды сигнал», - дейді, Экономикалық бастамаларды қолдау қорының сарапшылары. «Тек шикізат өндіретін алпауыттарға қарағанда, отандық финтех компаниясының бұлай бағалануы бәрімізге серпін бере алады».

«Демек, біз болашақта мұнайға деген тәуелділіктен құтыла аламыз. Kaspi.kz жүріп өткен жолмен басқа отандық компаниялар да жүргісі келетін болады. Бір сөзбен айтқанда, олар да талпынады. Бұл нарықтағы бенчмарк және ол отандық тәжірие. Сонысымен де құнды»

Лондондағы IPOдан кейін Kaspi.kz өзінің банк секторындағы басты бәсекелесі Халық банкінен нарықтық капиталдану бойынша екі есе озып кетті.

Енді оның сатуға арналған қалған акциялары Астана халықаралық қаржы орталығының қор биржасына (AIX) шығуы тиіс. Компания оның уақытын ресми мәлімдеген жоқ. Бірақ нарық ойыншыларының айтуынша, акциялар биржаға келесі аптада шықпақ.

Тегтер: