USD
USD
USD

Тұрғынды тонап, ақшасы мен телефондарын тартып алған күдіктілер ұсталды

Келес аудандық ПБ-не брокер болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өзін түнде белгісіз біреулер ұрып-соғып, ішінде 360 мың теңге, 2000 АҚШ доллары және 57000 рубль, сондай-ақ Iphone екі телефоны болған барсеткасын тонап кеткенін хабарлады. 

Тұрғынды тонап, ақшасы мен телефондарын тартып алған күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығын - 2,7 млн теңге.

ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша тіркелді. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 6 күдікті ұсталды. Олар Келес ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден заттай дәлел ретінде екі ұялы телефон мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.  

Сонымен қатар күдіктілердің екеуі Келес ауданындағы кеден бекеті аймағында жұмыс істейтіні, олар жүк көліктерінің жүргізушілері мен брокерлерді бопсалаумен айналысқаны анықталды. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ПБ-ге жеткізілді. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы мен оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе