USD
USD
USD

Тұрғындарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған әйел адам ұсталды

Тұрғындарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған елордалық құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған әйел адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан облысының 39 жастағы тумасын алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен құрықтады. Тергеу барысында күдіктінің 6 эпизодқа қатысы бар екені белгілі болды.

Аталған азаматша жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген желеумен үй тұрғындарының чаттарына хабарлама таратып, сөз жүзінде әртүрлі ақпараттар жазып, көпшіліктің сеніміне кірген. Осылай алдау арқылы әлеуметтік желінің көмегімен 6 жәбірленушіден 750 мың теңгеге жуық қаражатты иеленіп үлгерген.

Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, оның бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты