USD
USD
USD

Тұрғындарды кіші қажылыққа апарамын деп алдап кеткен ер адам 4 жылға сотталды

Алматылық азамат тұрғындарды кіші қажылыққа апарамын деп 12 млн теңгеге сан соқтырған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Сот үкімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 27 жастағы Алматы қаласының азаматы Меккеге кіші қажылыққа апарамын деп халықты сан соқтырды. Өзінің қызметі үшін адам басынан 423 мың теңге алып отырған.

Қажылыққа бару үшін 30 адам жинауды жоспарлаған. Меккеге барғысы келген 13 жәбірленушіге 12 миллион тенгеге жуық шығын келтірген.

Сот шешімімен аталған азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы (Алаяқтық) бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырды.

 – Сотталған Абай облысы бойынша Семей қаласында қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеуде. Мекемеге келген күннен бастап жеке кәсіпкердің цехында қолөнер жұмыстарымен айналысады. Тапқан табысынан сот үкімі бойынша белгіленген талап-арызы бойынша белгіленген өтемақысын төлейді. Өзін күтіп отырған анасына қаржылай көмектеседі, – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Нұрболат Сапарғалиев.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков