Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тұрғындар су үшін төбелескен

Түркістан облысының бір ауылында орналасқан егістік алқабында тұрғындар арасында төбелес болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындар су үшін төбелескен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде бірнеше адамның қолына таяқ алып, төбелескені жарияланған видео таралған болатын.

Дереккөз мәліметінше, 29 мамырда Жетісай АПБ-не ауылдардың бірінде орналасқан егістік алқабында тұрғындар арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлер адамдар арасындағы төбелес егістікке арналған суға байланысты пайда болғанын анықтады.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Жоғарыдағы тұрғындар арасындағы төбелестен кейін дәрігердің көмегіне 12 адам жүгінген.

«Қазіргі таңда тұрғындардың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жетісай ауданы ауруханасының мәліметіне сәйкес бес адам ауруханада емделуде, ал қалғандарына алғашқы көмек беріліп, үйлеріне шығарылған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы төбелеске қатысқан екі адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша барлық қатысушыларды және кінәлілерді анықтауға бағытталған тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы тексеріледі», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді