Тұрғын үйге қатысты заң күшіне енді
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жаңа заң күшіне енді.
Алматы, NEGE. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттейтін бұл заң қазіргі таңда кезігіп отырған саладағы бірқатар мәселелерді шешеді. Оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді кондоминимум нысаны ретінде тіркеуді реттейді және оңтайландырады, пәтерлер және тұрғын емес үй-жайлар иелерінің үйді басқарудағы құқықтарын қамтамасыз етеді, көп пәтерлі үйлерді басқарушылар мен басқарушы компаниялар қызметтерін реттейді, ортақ мүлікке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің жаңа тетіктерін енгізеді, пәтерлерді пайдалану, оларды тұрғын емес үй-жайларға ауыстыруда тұрғындардың келісімін алу сияқты мәселелерді реттейді, жеделсатыларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін ұлттық стандарттар қолдануды, қызмет көрсетушілерді аттестаттаудан өткізуді және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыруды қарастырады.