USD
USD
USD

Тұрғын үй лифтісінде бұзақылық жасаған әйел анықталды

Астаналық полицейлер тұрғын үйдің лифтісінде бұзақылық жасаған тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын үй лифтісінде бұзақылық жасаған әйел анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астаналық полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу және бұзақылық әрекеттерді анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр. Мемлекет басшысы елордадағы тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.

"Нөлдік төзбеушілік" қағидасы бойынша қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айтып, қорлау, ғимараттар мен өзге де құрылыстарға, қоғамдық орындарға залал келтіру және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осыған ұқсас әрекеттер үшін – 15 күнге дейін қамауға алу әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Елордалық полицейлер Жирентаев көшесіндегі тұрғын үй кешенінің лифтісіне кіріп, оны қасақана бүлдіруге кіріскен әйелді анықтаған. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Кадрларда ол кабинаны жұдырығымен ұрып, ластап және лифті қабырғаларын тырнап жатқаны көрінеді.

Алматы ауданы ПБ полицейлері бұзақылық жасаған әйелді анықтады. Ол 33 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан. Азаматша уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) (айыппұл 5 АЕК) және 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) (айыппұл 20 АЕК немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Материал Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар