USD
USD
USD

Тұрғын үйдің лифтін аяқпен теуіп шақырған астаналық фельдшерге айыппұл салынды

Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт батырмасын аяқпен теуіп басқан фелдьшерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үйдің лифтін аяқпен теуіп шақырған астаналық фельдшерге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жедел жәрдем қызметкерінің киімін киген адамның «Ақ дидар» тұрғын үй кешенінде лифт панелін аяқпен басып, лифт шақырған видеосы табылды.

Полицейлер видеодағы жігіттің 24 жастағы фельдшер екенін анықтады. Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 5 АЕК (15 315 теңге – ред.) көлемінде айыппұл салынды», - деп жазылған мәліметте.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғын үй-жайларды бүлдіружәне айналадағыларға құрмет білдірмеу, қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да әрекеттер жауапкершілік арқалататынын ескертіп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым