USD
USD
USD

Тұрғын үйді жалға беру бойынша 5 768 өтінім мақұлданды – вице-министр 

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай іске қосылған жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы бойынша 5 768 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді.

Тұрғын үйді жалға беру бойынша 5 768 өтінім мақұлданды – вице-министр 
Фото: NEGE.kz


Елорда, NEGE.  «Соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын және баспана кезегінде тұрған азаматтарға жеке тұрғын үй қорынан жалға беру механизмі енгізілді. 2022 жылғы 18 сәуірден бастап цифрлық платформа арқылы өтінім қабылдау басталғаны белгілі. Күні бүгінге дейін келіп түскен 23 мыңға жуық өтінімнің 5 768-і мақұлданды», – деді Еркебұлан Дауылбаев.

Сонымен қатар, вице-министр мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар өтініш бере алатындығын атап өтті. Олардың қатарына І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен көпбалалы отбасылар кіреді. Айта кетсек, биыл Қостанай облысы бойынша кезекте тұрған 1 193 азамат жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдау алады деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси