USD
USD
USD

Тұрғын үй субсидиясына өтінім қабылдау келер айдан басталады

Тұрғын үй субсидиясына өтінімдер қабылдау 5 сәуірден басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Тұрғын үй субсидиясына өтінім қабылдау келер айдан басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің атап өтуінше, Мемлекет басшысының «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен бірлесіп, 2022 жылғы 1 мамырда жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдер қабылдау жөніндегі цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету» тапсырмасы бойынша жұмыстар қолға алынды.

«Цифрлық платформаның тестілік нұсқасын 15 наурыздан бастап пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Платформа Электрондық цифрлық қолтанба көмегімен өтінім беруді және өтінім берушінің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Тексеру Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Әділет министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек министрліктердің мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау жолымен жүзеге асырылатын болады. Өтінімдерді қабылдауды 5 сәуірден бастауды жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші