USD
USD
USD

Тұрғын үй сертификатының қаражаты азаматтардың жинақ шотына аударылады

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификатын беру бойынша өтінімі мақұлданған азаматтарға қаражат банктің жинақтау шотына аударылады.

Тұрғын үй сертификатының қаражаты азаматтардың жинақ шотына аударылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған қызмет бойынша бірқатар азаматтар өз өтінімдерінде банктің мақұлдау туралы хабарлама хатында көрсетілген жинақтау шотын емес, өзінің банктік жеке шотын көрсеткен.

Азаматтардың тұрғын үй сертификатына жіберген өтінімі талаптар мен шарттарға сәйкес келіп мақұлданған жағдайда, тұрғын үй сертификатының қаражаты банктің мақұлдау туралы хабарлама хатында көрсетілген жинақтау шотына аударылады. Сол себепті басқарма мамандары www.kezekte.kz интернет порталы арқылы тұрғын үй сертификатына өтінім жіберу барысында банк деректемелері қатарын толтырғанда өте мұқият болуды сұранады.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 26 шілде күні басталған болатын. Қазіргі таңда бұл қызмет бойынша жалпы саны 312 азамат өтінім жіберген. Оның ішінде 51 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 180 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатын алудың талаптарына сәйкес келмегендіктен және құжаттарын толық тапсырмағандықтан бас тартылған. Ал 64 өтінім қазіргі таңда басқарма мамандарымен қаралуда. 17 азаматтың өтінімі мақұлданып, тұрғын үй сертификатының иегері атанды. Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек