Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тұрғын үй саласындағы алаяқтардан зардап шеккендер іздестірілуде

Алматы облысының полицейлері тұрғын үй саласындағы алаяқтардан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын үй саласындағы алаяқтардан зардап шеккендер іздестірілуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы үш күн ішінде Талдықорған қаласының полициясына тұрғын үйді жалға беремін деп, өзін Ирина есімімен таныстырған бейтаныс әйелдің алдау жолымен жалпы сомасы 340 мың теңгеден астам ақшаларын иемденгені туралы үш адам арызданған. Ақша соммасын алғаннан кейін, ол өзіне тиесілі емес пәтерлердің мекен-жайын айтып, 2-3 күннен кейін қоныстануды ұсынған.

Арзан бағаға қуанған “жалға алушылар”, көрсетілген мекен-жайға келгенде, оларды нағыз қожайын кейіпіндегі жағымсыз тосын сый күткен. Алаяқ өз құрбандарын әлеуметтік желілер арқылы тапқан.

Аталған деректер ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді.Талдықорған қаласы ПБ Шығыс қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 1977 жылғы Ирина Ким есімді әйелді ұстады.

Күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2020 жылдың 5 ақпанында үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алған. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда аталған әйелдің әрекеттерінен зардап шеккендерді 8 (7282) 60-80-66 немесе 87058012209 телефон нөмірлері бойынша полицияның кезекші бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді