USD
USD
USD

Тұрғын үй құрылысының қарқыны төмендеді

Елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынының төмендегені байқалады, деп мәлімдеді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Тұрғын үй құрылысының қарқыны төмендеді
Фото: NEGE.kz


Алматы. NEGE. «2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысы бойынша 2 642 мың ш.м. баспана пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштің 96,4% құрайды. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі жылдық жоспарға 18,7% (жоспар 14,1 млн. ш.м) құрайды», - деді Атамқұлов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштері Батыс Қазақстанда (57,5%), Атырау (66,6%), Түркістан (76,5%) және Маңғыстау (94,7%) облыстары мен Шымкентте (24,3%) төмендеді. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің былтырғы жылмен салыстырғанда артуы 12 өңірде байқалған.
ИИДМ ақпарынша, барлығы республика бойынша 21 069 дана тұрғын үй (соның ішінде – 9 969 жеке тұрғын үй) пайдалануға берілген.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров