USD
USD
USD

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» атауы ресми түрде жойылды

Бүгін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы ресми түрде қайта тіркеуден өтіп, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы болып өзгерді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» атауы ресми түрде жойылды
Фото: NEGE.kz

Ал қысқаша атауы бүгіннен бастап «Отбасы банкі» АҚ деп жазылуы тиіс. Бұл туралы банк жақын арада ресми хабарлайтын болады.

Осымен банктің заңдық трансформациясы аяқталды. Бірақ құрылымдық өзгерістері әлі бірнеше ай жүретін болады. Оның ең бастысы – азаматтарды кезекке қою, оларға мемлекеттік тұрғын үйді үлестіру сияқты бұған дейін әкімдіктер атқарып келген жұмыстар.

Егер «Отбасы банк» жергілікті әкімдіктердің тұрғын үй басқармалары атқарып келген функцияны өзіне алатын болса, онда әкімдік қызметкерлері қысқара ма, әлде банк құзырына өте ме, ол жағы әлі белгісіз.

Кезіндегі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, бүгіннен бастап «Отбасы банкі» АҚ болып өзгерген қаржы институты 2003 жылы құрылған болатын. Желтоқсан айының басында банк халықтың 951 миллиард теңге депозитін жинақтап отыр. Биыл банк 517 миллиард теңгеге 44 мың несие берді.

Банк жүйеқұраушы қаржы институты саналады. Биыл «Отбасы банк» мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан 315 миллиард теңге қаражат алды. Желтоқсан айының басындағы жағдай бойынша, ол қаражаттың 254 миллиард теңгесі игерілген.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.