USD
USD
USD

Тұрғын үй кезегінде қанша адам тұр? Министрлік жауап берді

Қазақстандағы баспана алуға алуға өтініш берген ел тұрғындарының саны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол мәлімдеді.

Тұрғын үй кезегінде қанша адам тұр? Министрлік жауап берді
Фото: NEGE.kz

–Бүгінде 621 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішіндегі 432 мыңы – әлеуметтік осал жағдайдағы адамдар. Ең осал және тұрғын үйге аса мұқтаж адамдар арасынан 4 басым санат анықталды. Олардың 91 мыңы – көп балалы жанұя, 51 мыңы – 1,2-топтағы мүгедектер, 24 мың адам – мүгедек балалары бар отбасылар, ал 61 мыңы – жетім және асыраушысы жоқ ретінде тіркелгендер, – деді ол ОКҚ брифингінде.

Министрлік өкілінің айтуынша, ажырасқандардың саны күрт көбеюі себепті «Бақытты отбасы» бағдарламасынан толық емес отбасы санаты алынып тасталған.

–Әлеуметтік осал топтардың арасында толық емес отбасылар саны 30 пайызға көбейген. «Бақытты отбасы» бағдарламасына келген өтініштердің 50 пайыздан астамы – осы санаттағы отбасылар. Аталған бағдарлама іске қосылған соң, 2019 жылы елімізде 59 796 ажырасу тіркелген, – деп түсіндірді құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілі Бауыржан Қабдол.

Қазір оқып жатыр

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауына түседі

Аша Матай мен Тамара Асар

Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

шектеу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі