USD
USD
USD

Тұрғын үй бағасы қанша пайызға қымбаттады?

Елімізде 5 айдың ішінде бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға 5 пайызға өсті. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына орай ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің жауабында айтылған.

Тұрғын үй бағасы қанша пайызға қымбаттады?
Фото: NEGE.kz

«2020 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылдың өзінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға жұмсай алатынын мәлімдеді. 2020 жылғы қыркүйектен бастап 2021 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалардың өсуі 5 пайызды құрады, ал 2019 және 2020 жылдардың ұқсас кезеңінде ол 3 пайыздан асқан жоқ», – деді ол.

Алайда, агенттік төрағасы 5 айдың ішінде бағалардың жоғары өсуі қайталама тұрғын үй нарығында байқалғанын, оның 12,5 пайызға жеткенін айтады.

«Бұл ретте, қандай да бір бағалық сөз байласуды қайталама тұрғын үй нарығына қатысушылардың айтарлықтай саны (пәтерлерді сату туралы 130 мыңнан астам хабарландыру) жоққа шығарады және тұрғын үй бағаларының өсуінің негізгі себебі сұраныстың күрт артуы болып табылатынын көрсетті. Айталық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, алу үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 1,4 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте, осы жылғы ақпанның басында зейнетақы қорынан 386,4 млрд теңге аударылды», – деді агенттік басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес