USD
USD
USD

Тұрғын полицияға пара бергені үшін ұсталды

Батыс Қазақстан облысында пара берген тұрғын ұсталды..

Тұрғын полицияға пара бергені үшін ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы тұрғыны полицияға пара бергені үшін ұсталды. 

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің мәлім еткеніндей, Дариян ауылында П. деген күдіктіге жалған құжаттар дайындамақ болғаны үшін айып тағылған.

ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін аталмыш тұрғын Приурал полиция бөлімі тергеу бөлімінің бастығына келіп, 300 мың теңге және 50 АҚШ доллары көлемінде пара ұсынған.

«Аталған эпизод полиция қызметкерлерінің барлық кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау камераларымен тіркелген. Тергеу бөлімінің бастығы оқиға туралы дереу баянат жазып, пара берушіні ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК 367-бабына (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Б.Нұрғожин.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргіншінің көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.