USD
USD
USD

Тұрғын ауласында көкнәр өсірген

Түркістан облысының полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын ауласында көкнәр өсірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Анықталғандай, егде жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген. Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде жедел уәкілдер көкнәр тәріздес 4730 түп есірткі өсімдігін тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, құрамында есірткі бар көкнәр түптерінің жалпы салмағы 205 кг-нан асты, ал кептірілген көкнәрдің салмағы 12,5 кг-ға жуықтады. Аталған жайт Келес АПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің құрамында есірткісі бар өсімдіктерді не себеппен өсіріп, сақтағанын анықтап жатыр. Түркістан облысының полицейлері аталған баптың санкциялары үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратынын ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстың куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова