Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тұрғымбаев мәлімдеме жасады

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 1 ақпаннан бастап "102" мобильді қосымшасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тұрғымбаев мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Бүгін "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында біз ресми түрде азаматтарға ыңғайлы жаңа сервис - "102" мобильді қосымшасын іске қосамыз.

Тәулік сайын полицияның жедел басқару орталықтарының операторлары 102-арнасына келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді, – деді ол.

Министрдің айтуынша, оқыс оқиға туралы ақпарат полицияға емес, әлеуметтік желілерде тез таралатынын атап өтті.

– Әдетте, әртүрлі оқиғалардың куәгерлері фотосуреттерді немесе видеоларды өз парақшаларына салады немесе танымал пабликтерге жібереді. Бұл оқиғаларды біздің мамандар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтайды. Бұл ретте полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмысты "ізін суытпай" ашу үшін пайдалануына қажет болатын қымбат уақыт жоғалады.

Сондықтан Ішкі істер министрлігінің "102" мобильді қосымшасы оқиға орнынан қысқа хабарлама, сондай-ақ фото, видео жіберуге мүмкіндік береді.

Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, жануарларға қатыгездік жасалып жатқанын көрсеңіз, күдікті адамды байқасаңыз, дереу хабарлаңыз, – деп хабарлады Тұрғымбаев.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық