USD
USD
USD

Тұрғымбаев: Кексель Қазақстаннан кеткен жоқ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы «NUR.KZ» хабарлады.

Тұрғымбаев: Кексель Қазақстаннан кеткен жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, қадағалаушы органның бұрынғы қызметкері Қазақстаннан кеткен жоқ. Бұған дейін БАҚ-та «Кексель прокуратурадан босаған соң Германияға кетіп қалды» деген ақпарат тараған-ды.

Министрдің сөзіне қарағанда, тергеу кезінде азаптау және заңсыз іс-әрекеттер туралы арыз министрлікке түскеннен кейін тергеу шаралары басталған. Арыз тиісті тәртіппен тіркелген.

Арызды тексеру жөніндегі тапсырма бас прокуратура тарапынан берілгеніне қарағанда, қадағалаушы орган да бұл істен жақсы хабардар.

Министр Е.Тұрғымбаев бұдан өзге ақпаратты жарияламады. Естеріңізге сала кетейік, Бас прокуратураның бұрынғы ққызметкерлері О.Кексель мен Б.Ғаббасовқа қатысты іс ІІМ-де қаралып жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз.   

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков