USD
USD
USD

Түрген шатқалында туристер орталығы ашылды            

Алматы облысы Түрген шатқалында туристерге арналған жаңа визит-орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрген шатқалында туристер орталығы ашылды            
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республикалық қоғамдық бірлестіктің бастамасымен қолға алынған жобамен Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған мамандар арнайы барып танысты. Жер жәннаты Жетісу жеріне шетелдік қана емес, ішкі туристер де көптеп келетіні белгілі. Сондықтан аймақта экотуризмді дамыту үшін осындай визит орталықтар ауадай қажет. Заманауи үлгідегі орталықта жергілікті саяхатшылар мен шетелдік меймандар ұлттық парктің қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады. Сондай-ақ «Turgensai» кешенінде дәріс залы, кәдесый дүкені, тамақтану орны мен ойын алаңы бар. Қысқасы саяхатшылардың алаңсыз тынығуына барлық жағдай жасалған. Осындай орталықтар алдағы күндері Алтынемел мен Шарында ашылады деп жоспарланып отыр.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Пандемияға дейінгі уақыттың өзімен есептеп қарайтын болсақ, азаматтардың бүгін екі есе туризмінің осы көбейуінің өзі Қазақстан бойынша бұл осы азаматтардың қазір қиын кезеңнен шығып, жаңа оймен жаңа бағытпен осында мынау елдің өркендеу деңгейінің көрінісі деп айтуға болады. Сондықтан бүгінгі ашылып жатқан осындай объектілер халқымыздың игілігіне бағытталатынына ешқандай күмән жоқ.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында мұнай компаниясына 1,4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

айыппұл салынған компания

«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

"Кітап оқитын ұлт" жобасы

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті