USD
USD
USD

ТҰРАНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢЫНАН ШЕШІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданының 192-орамында орналасқан бес қабатты 12 тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы аяқталған.

ТҰРАНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢЫНАН ШЕШІЛЕДІ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Биыл наурыз-сәуір айларында бұл үйлерге тұрғындар қоныстанып, тұрақты ауызсу, кәріз, электр қуаты, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген болатын.

Алайда, қала бойынша газ көлемінің тапшылығына байланысты бұл үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілген жоқ.

Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі жобаға сәйкес автономдық жылу жүйесімен жабдықталғандықтан орталықтандырылған жылу жүйесіне де қосылмаған.

Осы себепті, тұрғындар арасында наразылық туындап, бұл мәселе шиеленіске ұласып отыр. Аталған мәселені оңынан шешу мақсатында қала әкімінің орынбасары М. Айманбетов шағынаудан тұрғындарымен жиналыс өткізіп, ертеңнен бастап КазТрансГазАймақ АҚ-ның мамандарымен бірге тексеру жұмыстары жүргізілетін болып келісілді.

Яғни, тұрғын үйлерде орнатылған автономдық қазандықтар тексеруден өтіп, кемшіліктер болмаған жағдайда тұрақты газ жүйесіне қосылады. Ал ақаулары болып жатса, 25 қазанға дейін жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді осы үйлердің құрылысын жүргізген мердігер мекеме қалпына келтіретін болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар