USD
USD
USD

Тұран шағын ауданын дамыту басты назарда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы негізінде қала әкімі аппаратының басшысы Ғ.Мәуленқұлов пен салалық басқармалар Тұран шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылысын және инфрақұрылым жүйелерін аралап көрді.

Тұран шағын ауданын дамыту басты назарда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Тұран шағын ауданының дамуы қала экономикасы үшін маңызды екенін айтқан аппарат басшысы әкімнің талабы тұрғын үйлерді пайдалануға берер кезде халықтың тұрмысына қажетті газ, су, жарықтың және жол мен кәріз жүйесінің мәселе тудырмауы екенін жеткізді. Сонымен бірге аулаларының абаттандырылуын да назардан тыс қалдырмауды айтты.

Тұран шағын ауданын инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстары кезең-кезеңге бөлінген. Әр кезең бойынша тиісті мердігер мекеме белгіленген жұмысты атқаруда.

2015 жылы бекітілген шаһардың бас жоспарына сай Тұран шағын ауданы қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Жалпы алаңы 1190 гактарды құрайды. Шағынаудан батысында Бәйдібек би даңғылымен шектеседі, солтүстігінде А-2 «Алматы-Термез» автокөлік дәлізі жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қоныс аудару бағдарламасы жаңарды: кімдер 7 млн теңге ала алады?

Чемодан, саяхат, көшу

АҚШ пен Иран келіссөздері аясында мұнай бағасы қайта өсті

Мұнай

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.