USD
USD
USD

«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «FOLK & SYMPHONY» концерті өтеді

Шымкент қаласында 10 қазан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанынан құрылған ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «FOLK & SYMPHONY» концертін ұсынады.

«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «FOLK & SYMPHONY» концерті өтеді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылмақ.

«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында құрылған. «Тұран» – қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заманның талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді.

Бағдарламада қазақ композиторлары мен ансамбльдің авторлық шығармалары орындалады.

Мерекелік концерт 10 қазан сағат 18.00-де «Түркістан сарайында» өтеді. Билеттер Түркістан сарайының кассасында сатылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек