USD
USD
USD

«Тұран» этноансамблі австриялық тыңдармандарды тамсантты

Еуропалық турне аясында

«Тұран» этноансамблі австриялық тыңдармандарды тамсантты
Фото: NEGE.kz

«Тұран» этнофольклорлық ансамблі әйгілі «Эрбар» концерт залында өнер көрсетті, деп жазды 24.kz.

Алматы, NEGE. Талғампаз Вена тыңдарманын қазақтың әуезді әуені бірінші нотадан-ақ тәнті етті. Сыбызғы, сазсырнай, қыл-қобыз бен шертердің үйлескен дыбысы келген жұртты таң қалдырды. Еуропалық турне Парижден басталып, Брюссель, Гаага, Загреб көрерменінің қошеметіне бөленіп, кәрі құрлықтың музыка астанасы Венада жалғасты. 

«Бұл керемет концерт болды. Артистердің қойылымы менің жүрегіме жетті. Сіздің халқыңыздың музыкасы ерекше. Музыканттардың кей  аспаптарын мен бірінші рет көрдім және дыбысын алғаш естідім. Мысалы, өнерпаздар даладағы желдің дыбысын бір ғана садақпен жасай алды. Бұл теңдесі жоқ талант»,-деді Төменгі Австриядағы ҚР құрметті консулы Александр Кисс.

Концертте қазақ музыкасымен қатар еуропа классикасы да орындалды. Сонымен қатар, «Қазақконцерт» артистері де өнер көрсетті. Опера әншісі, белгілі тенор Медет Шотабаев та көрермен ықыласына бөленді.

400 адамға шақталған «Эрбар» залында бос орын болмады. Австриялық саясаткерлер, дипломаттар, кәсіпкерлер және жоғары өнерді тамашалауға тұрғындар да көп келді. Альпі елінде білім алып жатқан қазақ студенттері  де төбе көрсетті.  

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.