USD
USD
USD

Тунисте өткен жарыста Қазақстан балуандары жеті медаль ұтып алды

Еркін күрестен Қазақстан командасы Тунистегі рейтингтік турнирде өнер көрсетті. Қорытынды есепте ел қоржынында жеті медаль мен команда бойынша ІІІ-орын бар.

Тунисте өткен жарыста Қазақстан балуандары жеті медаль ұтып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) пен Әбді-Манап Байкенжеев (92 келіге дейін) Қазақстан қоржынына қос алтын медаль салды. 

Талғат Сырбаз (70 келіге дейін), Болат Сақаев (79 келіге дейін) және Мамед Ибрагимовтер (97 келіге дейін) екінші орынды иеленді.

Әділ Асқаров (65 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) үшінші орынға ие болды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер