USD
USD
USD

Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылатын уақыт белгілі болды

"Елбасы туралы" заң жыл соңына дейін күшін жояды. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров хабарлады. 

Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылатын уақыт белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір енгізілген өзгертулер аясында заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр. 

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңның күшін жоюмен мәжілістің бейіндік комитеті айналысып жатыр. 

– Депутаттарға "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңының күшін жою жөнінде жиі сұрақ қойылады. Қазір тиісті комитетте жұмыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заң күшін жояды, – деді Ерлан Саиров,

Нақты мерзіміне келер болсақ, депутаттың айтуынша, барлық процедуралық пункттерден өткеннен кейін бұл процесс желтоқсанның ортасында немесе соңында аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері