USD
USD
USD

Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін

Парламент Мәжілісінің депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынды.

Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай тармақ бар.

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және әлеуметтік маңызы жоғары әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу және мемлекеттік мерекелер тізбесінен алып тастау ұсынылады», - деп көрсетілген.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

- 25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу;

- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт