USD
USD
USD

Тұңғыш Президент күні елордада қанша нәресте дүниеге келді

Тұңғыш Президент күні туған сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Тұңғыш Президент күні елордада қанша нәресте дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қаладағы ауруханалардың акушерлік блоктарында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 27 бала дүниеге келді, оның 16 - сы - қыз, 11-і-ұл бала.

Оларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар мен жаңа туған нәрестелерге балалар комбинезоны түріндегі сыйлықтар табыс етілді.

«Сіздерді сәбидің дүниеге келуімен және 1 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер үшін қос мереке. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сәбилер еліміздің мақтанышы болып өссін», - деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат - қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе