Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тұңғыш электр гидроұшақ жайлы не білеміз?

Осы аптада жаһандық БАҚ-тың назарын аударған Harbour Air компаниясының eBeaver атты электрлі гидроұшағы.

Тұңғыш электр гидроұшақ жайлы не білеміз?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сыннан сүрінбей өткен туындыға әлем таңдай қағып отыр. Ванкувердегі Фрейзер өзенімен үшіп өткен eBeaver пилоты Harbour Air компаниясының басшысы, Грег Макдугалл болды.

Макдугалдың айтуынша, электр ұшақтар авиацияның жаңа үшінші дәуірі, яғни "электр дәуірі".

"Бүгін – тарихи күн. Мен Harbour Air-дің авиациядағы инновация мен қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне өткенімізді мақтанышпен айтқым келіп тұр. Канаданың авиация тарихында өз орны бар және біз жаңа дәуірге аяқ басқанымызға қуаныштымыз", – дейді ол.

eBeaver электр ұшағының бортына алты жолаушы сыяды. Ұшақтың моторы – magni500 (750 ат күшіне пара-пар). Бұл модель пропеллер ұшақтың қуатты жұмысын қамтамасыз етеді. Ұшаққа 35 минутқа жететін литий-ион батареялар орнатылған және қуаттың бір циклі 160 км-ге жетеді.

Harbor Air алғашқы коммерциялық тасымалын 2022 жылға жоспарлап отыр. 

    Қазір оқып жатыр

    Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

    ойын

    Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

    Жақсылық Сәбитов

    Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

    .

    Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

    Тоқаев